Видео

    %AM, %06 %041 %2018 %00:%Дек

    «Айданай» – бас жүлде иегері

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткен аптаның жұмасы күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы «Ең үздік флеш-моб» аудандық байқауын ұйымдастырды.

    Өнер арқылы жастар арасында Тұңғыш Президент күнін насихаттай отырып, туған жерге деген патриоттық сезім қалыптастыру, дарынды шығармашыл жастарға қолдау көрсетіп, шығармашылықтарын дамыту мақсатында өткен шараға Мұқыр, Сағыз, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Тайсойған ауылдық округінен биші топтар қатысты.

    Байқаудың шарты бойынша талапкерлер өз таңдаулары бойынша және Тұңғыш Президент күніне арналған флеш-моб биледі. Нәтижесінде, толық құраммен, арнайы киімдермен қатысып, жақсы би үлгілерін көрсеткен Сағыз ауылдық округінен қатысқан «Айданай» би тобы бас жүлдені жеңіп алса, Ойыл ауылдық округінің «Айзере» би тобының бишілері бірінші орынды иеленді. Қалған округтерден келген бишілер тобы екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Барлық қатысушылар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі атынан арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

    Бауыржан САҚТАСИНОВ.

    Прочитано 29 раз Последнее изменение %AM, %06 %259 %2018 %05:%Дек
    © 2018 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.