Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %05 %041 %2018 %00:%Дек

    Тұлғаларымызды тани түсуіміз керек

    Еліміз тәуелсіздік алып, жаңа ғасырға аяқ басып, қанша жерден дамыдық десек те тарихымызды ұмытпауымыз керек.

    Себебі, осынау жарқын күнге бабалардың төккен қан мен терінің арқасында қол жеткіздік. Одан бөлек, бабаларымыз өркениетті қоғам құрып, өндіріс саласын да дамытқаны тарихтан мәлім. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында кеңірек айтып өтті. Мақаланың кіріспе сөзінде «Біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді» деген болатын мемлекет басшысы.

    Аталмыш мақалада тағы бір көкейге қонғаны «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты бөлімі. Мемлекет басшысы бұл бөлімде тарихи тұлғалардың есімін жаңғырту, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мәселелеріне кеңірек тоқталып өтті. Соған орай, тарихи тұлағаларға арналып ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойып, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу туралы бастама көтерді. Бұл өте керемет ұсыныс. Бұл орайда, тарихы терең біздің ауданда да есімдері алтын әріппен жазатындай тұлғалар жетерлік. Бөкен би, Халел Досмұхамедұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Зәкария Сағындықұлы, Тобанияз Әлниязұлы сынды алыптардың өзі неге тұрады? Бұлардың есімдері елге мәлім деп жүрсек те әлі де болса зерттей түсетін қырлары жетерлік. Себебі, өткенді білмей өрлеу де, даму да болмайды. Сондықтан, Елбасы мақаласында айтылған басым бағыттарды қолдай отырып, енді оны жүзеге асыру жоспарын жасауымыз керек.

    Нұрбол ЕЛЕШОВ,

    аудандық мұражайдың директоры.

    Прочитано 45 раз Последнее изменение %AM, %05 %429 %2018 %09:%Дек
    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.