Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %04 %041 %2018 %00:%Дек

    Сурет көрмесі тамашаланды

    Өткен аптада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Жасұлан» балабақшасында «Елбасы – елдің тірегі» атты апталық өткізілді. Апталық аясында балабақша тәрбиешісі Нұргүл Жексенғалиева ұйымдастырған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы шараға балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлері қатысып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың балалық шақтан Президенттік қызметіне дейінгі өмірімен, Ұлт көшбасшысының жазған кітап көрмесімен танысты.

    Сондай-ақ, апталықта «Бабадан бізге не қалған?» тақырыбында кітапшалар мен қолөнер бұйымдарынан көрме, балабақша тәрбиеленушілері арасында «Менің Отаным» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Балабақша психологі А.Кубенғалиева отбасы, балабақша және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы туралы «Ел және Елбасы» тақырыбында тренинг өткізіп, апталық ІІ кіші «Құлыншақ» тобының ұйымдастыруымен «Елбасы – ел Мақтанышы» ертеңгілігімен қорытындыланды.

    Нұржамал МӘДІҒАЛИЕВА,

    «Жасұлан» балабақшасының әдіскері.

    Прочитано 55 раз Последнее изменение %PM, %04 %555 %2018 %12:%Дек
    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.