Мазмұны жоқ тойлардың мәні кетті

Той десе қу басы домалаған қазақ халқының қазіргі той өткізу мәнеріне ызаң келеді.

Уақыты жай басталғаны былай тұрсын, қыз бен жігіттің бір-бірін қуалаған ойыны, асабаның өзін таныстырғаннан бастап, жүргізгені де жаттанды болса тойдың еш мәні қалмады деген сөз. Осы орайда, аудандық газет бетінде көптеген аудандағы өзекті мәселелер көтеріліп жатыр.

Соның ішінде, той тақыры-бындағы көлемді мақала жарық көрді. Ол мақалада бұл тақырып жан-жақтан талқыланып, әртүрлі пікірлер жазылған. Сонымен қатар, соңғы жылы аудандық газетте көрініс берген «Оқырман және біз» бетіне аудан тұрғындарының пікірлері, ұсыныстары, сын-ескертпелері жариялануда. Соған сай, менде жоғары да айтылған той мәселелесі жөнінде жазылған өлеңімді жолдағанды жөн көрдім.

Той – қуаныш, болып жатыр күнде той,

Қуаныштың көп болғаны жақсы ғой.

Сол тойларға куә болып жүргенде,

Маған мына тамаша бір келді ой.

Сол тойымыз уақытында басталса,

Асабаға артқан сенім ақталса.

Берілген бата, айтылар тілек естіліп,

Той үстінің тыныштығы сақталса.

Асабаңда уақытпен санасса,

Жүргізсе тойды келістіріп тамаша

Басқармай тойды бірсарынды ізбенен,

Сценариін өзгертіп тұрса жаңаша.

Әзілдері айтылып жатса орнымен,

Езуге күлкі үйірілер еді оңымен.

Анайы шығып, тұрпайылау естілсе,

Үлкендерің жер шұқиды көзімен.

Отырар қарттар ұзақ уақыт езіліп,

Күрсінеді олар шаршағаны сезіліп.

Даңғаза әуен, жұлқынған бидің орнына,

Билер ме еді вальсіңді беріліп.

Айтылып жатса жас шағыңның әндері,

Сол кездердің әндері де мәнді еді.

Түсіріп еске жігіт шағың, қыз күнін,

Арасында келістірсе үлкендердің сәндері.

Адамдардың өзгерді қазір талғамы,

Болмауы керек айтылар сөздің жалғаны

. Аударып назар тәрбиелік жағына,

Болар еді бәрі жақсы, өнегелік тұнғаны.

Қуанышқали БИСЕНОВ,

Тасшағыл ауылы.

 

Прочитано 800 раз Последнее изменение Четверг, 04 Октябрь 2018 04:45

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru