Жұмекен шығармаларынан сайыс

Тіл мерекесіне орай, «Арман» мәдениет үйінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл –достықтың тірегі» атты аудандық фестиваль өтті.

Фестивальдың бірінші бөлімінде қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілінде Отан, туған жер, достық, бейбітшілік тақырыптарында ән шырқап, өзге ұлт өкілдерінің биінен өнер көрсетті. Ал, екінші бөлімде Жұмекен Нәжімеденовтың прозалық және поэзиялық шығармаларын оқыды.

Фестивальдың бірінші бөліміне Қызылқоға ауылдық округінен басқа округтер түгел қатысып, ән мен биден шашу шашса, Миялы, Жангелдин, Тасшағыл, Қызылқоға ауылдық округтері екінші бөлім Ж.Нәжімеденовтың прозалық және поэзиялық шығармаларын оқуға қалыспады. Ал, шара шымылдығын ойылдық Жаймағанбетовтер отбасылық ансамблі «Егемен ел Қазақстан» әнімен ашса, «Айзере» бишілер тобы түрік биін биледі.

Фестивальдың екінші бөлімінде Жұмекен Нәжімеденовтың прозалық және поэзиялық шығармаларын оқыған қатысушылар көрерменге біраз ой салды десек болады. Айтар болсақ, ойылдық Нұрзина Бисенбаева «Хат тасушы», «Туған елім», сағыздық Ақбаян Алпысбай «Кішкентай», «Шындық», көздіғаралық Дана Абдуллина «Шал мен кемпір диалогі», «Қайырымдылық», жамбылдық Елтай Айтаңсық «Қошалақтың таңы», мұқырлық Лаура Амангелді «Байғұс әжем», тайсойғандық Райхан Абзалқызы «Тас пен сабын», «Уақыт» шығармаларын оқып берді. Көпшілікке Ақбаян Алпысбай мен Дана Абдуллинаның шығарманы тебіреніспен, образға кіре әсем әуен ырғағында оқуы ерекше әсер етті.

Екінші бөлім қорытындысында қазылар алқасының шешімімен сағыздық Ақбаян Алпысбай І орынға ие болса, жамбылдық Айтаңсық Елтай ІІ орынды, көздіғаралық Дана Абдуллина ІІІ орынды иемденді. Ал, қалған қатысушыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ерболат Иғали алғыс хат табыс етті.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

Прочитано 464 раз Последнее изменение Понедельник, 24 Сентябрь 2018 11:35

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru