Қайта «құрылған» «Наурыз» тобы

Сексен жылдық мерейтой сенбі күні кешкілік теміржол вокзалы қасында арнайы тігілген сахнада мерекелік концертпен жалғасты.

Алғаш болып сахнаға тоқсаныншы жылдары Сағыз ауылын әнмен тербеп, елімізге танымал болған «Наурыз» тобы шықты. Бір кездері халықтың сүйіктісіне айналған аталмыш топтың әншілері бүгінде еліміздің әр түпкірінде еңбек етуде. Сексен жылдық мерейтой кезінде бастары қосылған топ мүшелері өздерін сағынған жерлестері алдында аянып қалмады.

Әбдіғаппар Темірханов, Амантай Қабдығалиев, Аскар Боранқұлов, қазіргі таңда Жылыой ауданында тұратын Әлібек Темірханов, Зәуреш Малқарова, Данияр Сатыбалдиев, Ғафура Жанбосынова, Мәншүк Мерғалиева сынды әншілер халық жүрегінен орын алған бұрынғы әндерін шырқап, жерлестерінің қошеметіне ие болды. Сөйтіп, сағынышқа толы әндер шырқаған «Наурыз» тобы ауылдастарын тарих қойнауына бір апарып қайтты. Бұл концерт мерейтойға жасалған қымбат сыйлықтардың бірі десек те болады.

Дулат БЕРІК.

Прочитано 408 раз Последнее изменение Среда, 19 Сентябрь 2018 13:33

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru