Тойды арақсыз өткізсек қайтеді?

«О, қу арақ» деп әндеткен Өктем Алтаевтың әсерлі әнінің шыққан уақытында біраз жұртқа ой салғандай болған еді.

70 жыл өзге елдің боданында болып әдет-ғұрып, тілімізден, дінімізден айырылуға шақ қалған уақытта тәуелсіздіктің ақ таңы атып, еңсемізді тіктеп үлгердік. Алайда, әрбір елде өзіндік дерт болатын болса, оның бірі арақ-шарапқа деген әуестілік. Одан келіп жатқан әртүрлі қайғылы жағдайлар елімізде өршіп тұр.

Алысқа шаппай-ақ, айналамызда болып жатқан той-топыр, шілдехана, сүндет той, қыз ұзату, келін түсіру тойлары да осы арақ-шарапсыз өтпейтіні рас. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Десек те, жүрегінде иманы бар азаматтар олай өткізіп жатқан жоқ. Бірақ, арақтың құлы болған азаматтардың арақсыз өткен тойларда мейрамханадан тыс жерден ішіп келетіні бәрімізге белгілі дүние. Кейде ойланып қарасам осы арақ ішу дерт пе әлде әдет пе?! Не болмаса еріккеннің ермегі ме?! Сондай-ақ, арақты ішу үшін кез келген нәрсені сылтау қылғанын көргенде бүгінгі таңда еркектердің ез, ынжық боп кеткені ме дерсің?!

Арақ-шараптың жүрген жерінде ұрыс-керіс, төбелес, дау-дамай, денсаулықтан айырылу, айқай-шу, отбасындағы алауыздық пен тынышсыздық, дос-жаран мен ағайын-тумамен араздасу, ажырасу сияқты жағдайлар көп болады. Тіпті, адам өліміне себепші боп жатқандардың 80 пайызы осы мас күйінде көлік жүргізудің салдарынан орын алуда. Ол әрине өкінішті әрі қорқынышты. Алайда, осыны біле тұра біз бұл зиянды кесапаттан әлі арыла алмай келеміз. Сондықтан да ел болып ойланып, болмайтын істің емес болатын істің жаршысына айналғанымыз ләзім.

Назира ЖҰБАНЫШҚЫЗЫ.

Жасқайрат ауылы

Прочитано 277 раз

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru