Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %22 %041 %2018 %00:%Нояб

    Балабақша меңгерушілері пікір алмасты

    Аудандық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, Мектепке дейінгі экологиялық білім беруде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін, инновациялық технологияларды енгізу арқылы көтеру мақсатында, Тасшағыл ауылдық округіндегі «Жазира» бөбекжай балалар бақшасында балабақша меңгерушілеріне арналған «Мектепке дейінгі орталық дамытушы ортасын экологизациялау» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

    Семинар барысында, «Жазира» бөбекжай балалар балабақшасының бүлдіршіндері семинарға қатысушы меңгерушілерге дайындаған тақпақтарын айтып, ән-шашуын арнаса, Тасшағыл ауылдық округі әкімі Мәлік Қуанышев семинарға қатысқан меңгерушілерге жұмыс барысында жақсы жетістіктерге жетіп алдыңғы орындардан көрінуіне тілектестігін білдіріп, сәттілік тіледі.

    Практикалық және теориялық екі бөлімнен тұрған семинардың І-ші бөлімінде аталмыш округтегі «Жазира» бөбекжай балалар бақшасының меңгерушісі Ұлан Кереева «Мектепке дейінгі мекемеде экологиялық бағытындағы жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында жасаған іс-тәжірибелерін көрсетіп, балабақша ішінде ашылған ЭКО кабинетімен таныстырса, Сағыз ауылдық округіндегі «Балауса» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Г.Тажмағанбетова «Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізіп, өз қолынан дайындаған лепбуктарын көрсетті. Ал, ІІ теориялық бөлімде Миялы ауылдық округіндегі «Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар бақшасының меңгерушісі Бағытжамал Жұмабаева «Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасады.

    Сонымен қатар, Қызылқоға ау-дандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басқарма басшысы Алтынгүл Аймұратова «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығының орындалысын талқылап, балабақшаның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, «Балдәурен» бөбекжай балалар бақшасының меңгерушісі Кенжегүл Капанова «Ұжымдық қарым-қатынас» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, әріптестеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осылайша, семинар қорытындысын-да, меңгерушілер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

    Злиха БЕРКЕНОВА,

    аудандық әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері.

    Прочитано 92 раз
    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.