Ұстазын ұлықтаған елдің болашағы жарқын

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне арналды.

Басты мақсат – халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту. Халықтың өмір сүру сапасының артуы Қазақстанның орнықты дамуының кепілі болмақ. Елбасы Жолдауда жаңа міндеттерді белгіледі, ал, біз оларды атқаруға дайын бол уымыз қажет. Білім беру сапасын көтеруде мұғалімдердің жүктемесін азайтуды, еңбекақысын көтеруді тағы да басқа қарастырған «Педагог статусы» жөнінде заң қабылдау жоғарғы оқу орындарының бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыздағы еңбегі адал болса да, өздері қорғаусыз мамандықтардың бірі педагог мамандар болып отырғаны – ащы шындық. Елбасымыз осы олқылықты тез арада жөндеуді тапсырды. Ұстазын сыйлай білген ұрпақтың болашағы зор болары анық. Мәңгілік ел боламыз десек, бесігімізді түзеп, жас ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беретін ұлағатты ұстаздарымызды ұлықтай білгеніміз жөн.

Серік ТАУМАНҰЛЫ.

Қарабау ауылы

Прочитано 23 раз

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru