Қуанса, бала қуанса...

Жылма-жыл жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына көмек көрсетіледі.

Соған сай, биылғы жылы республикалық «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы болып өтті. Осы орайда, ауданға қарасты барлық мектептердегі акцияның өту барысы жөнінде жазғанды жөн көрдік.

Ауыл жастары көмекке құштар

Жаңа оқу жылына кез келген оқушы жаңа мектеп формасымен, әдемі сөмкесімен, жаңа оқу құралмен барғысы келетіні сөзсіз. Ал, оны орындауға барлық отбасының әлеуметтік жағдайы көтере бермейді. Сондықтан да, жыл сайын дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық республикалық акция өткізіледі. Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен басталды. Оған ауыл көлеміндегі барлық мекемелер ұжымы қатысты. Сонымен қатар, аудандық «Қызылқоға» газетінің ұжымы да 4 оқушыға көмек қолын созса, жеке кәсіпкерлер С.Өтешова, А.Есендияров, А.Айтжановтар және ауыл жастары Санжар Тілегенов, 1994 жылғы туған азаматтар демеушілік білдірді. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы қатаң бақылауға алынып, жоспарға сәйкес қайырымдылық шаралары жалғасын таба берері сөзсіз. Жалпы, мектеп бойынша 29 оқушыға 211 000 теңге көлеміндегі қаржыға көмек көрсетілді.

Салтанат ҚАЗИЕВА, Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

Қамқорлық таныту азаматтық іс

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте дәстүрлі республи-калық «Мектепке жол» акциясы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына арналған «Бақытты балалық шақ мекені» атты үндеумен басталды. Оған ауылдық округтегі барлық мекеме басшылары 15 оқушыға сөмке, оқу құралдарын алып берсе, «Міндетті оқу қорынан» 2 оқушыға мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, оқу құралдары табыс етілді. Ал, 5 оқушыға «ЕмбіМұнайГаз» мекемесі сөмке, оқу құралдарын сыйлады. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің кәсіподақ 1 оқушыға, жеке кәсіпкер Ғалия Нуптиева 1 оқушыға сөмке, оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері Анар Мусина, Айнұр Бисенова 5 мың теңге ақшалай көмек көрсетсе, бастауыш бірлестігі және пән бірлестігі 13 оқушыға костюм, аяқ киім, спорттық аяқ киім, сөмке, оқу құралы көмектесті. Алдағы уақытта да осындай қамқорлық шаралары ұйымдастырылып тұрады.

Айман БАЙБАТЫРОВА, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің әлеуметтік талдаушысы.

Жәрмеңке ұйымдастырылды

Балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауын алдын алу және күнкөрісі төмен отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету мақсатындағы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясының тигізіп жатқан пайдасы мол. Акция бойынша 32 балаға көмек көрсетілді. Осы орайда, мектеп алдында Тасшағыл ауылдық округі әкімінің қолдауымен мектеп тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға ауылдық округтегі мекеме ұжымдары, жеке кәсіпкерлер Гүлзада Қарағожина, Жанас Таспанов, Ізмұханбет Өміров, Қуаныш Таспанов, Арман Қабдрахманов, Үмбет Мақсотов, Сәндібек Жұмағалиев және Рүстем Қожахметовтер отбасы атсалысты. Ал, аудандық қазынашылық басқармасы, сәулет және құрылыс бөлімі 5 сөмке, оқу құралдарымен демеуші болды. Ал, «Міндетті оқу қорынан» бөлінген қаражатқа бір оқушыға мектеп формасы алынып берілді.

Гүлжан ҚҰРМАШЕВА, Тасшағыл орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

Ата-аналар ризашылықтарын білдіруде

Акция аясында аудандық білім бөлімі арқылы «Міндетті оқу қорынан» бөлінген қаражатқа аз қамтылған отбасынан шыққан 4-сынып оқушысына мектеп формасы алынып, 20 оқушыға сөмке, оқу құралдары берілді. Бұдан бөлек, Мұқыр ауылдық округінің әлеуметтік сала жөніндегі бас маманымен бірлесе жұмыс атқарылып, нәтижесінде «Сағыз Петролеум» ЖШС-нен аз қамтылған отбасынан шыққан 10 оқушыға қажеттілігіне қарай әртүрлі мектеп формалары табысталса, «ҚарасайСтройСервис» ЖШС-і 2 оқушыға мектеп формасымен көмектесті. Сондай-ақ, аталмыш округке қарасты мекемелермен, жеке кәсіпкерлер және мұғалімдер демеушілік танытты. Акциясы әлі де ұйымдастырылып, көмектер жасалады. Жалпы акцияның 1 айдағы қорытындысы бойынша 26 оқушы қамтылып, барлығы 200 мың теңге көлеміндегі қаржыны құрап отыр. Акция кезінде демеушілік көмектермен қамтылған отбасылардың ата-аналары мен оқушылар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтуда.

Нұрболат ҚҰБАШЕВ, Мұқыр орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

Жанашырлық танытты

Акцияға орай іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы түрде шаралар орындалуда. Тамыз айы ішінде әлеуметтік жағынан төмен отбасы балаларына ауылымыздың кәсіп-керлері, мекеме басшылары және тағы да басқа азаматтар қаржылай, мектеп формасымен, басқа да киім-кешектермен көмек көрсетті. Сондай-ақ, акция барысында аудандық білім бөлімінің «Міндетті оқу қорынан» 1 оқушыға, аудан әкімдігі және аудандық дене шынықтыру спорт және бөлімінен 13 оқу-шыға көмек көрсетілді. Осы орайда, жанашырлық танытып, демеушілік жасаған «Абдолла Хазірет» мешітінің бас имамы Бисенғали Амантұрлы, «Манас» шаруа қожалығының төрағасы Нұртас Байжан, ауылымыздың жеке кәсіпкерлері Балташ Қоразова, Элмира Тайшыбаева, Алмагүл Мәжек, Рахимолла Әлшенов, Әсемгүл Батырова және де Сағыз ауылдық округінің әкімі аппараты мен саз мектебі ұжымына, мектеп директоры Б.Омаров пен мектеп мұғалімдерге алғы-сымызды айтамыз. «Мектепке жол» акциясы аясында тамыз айының ішінде жылдағыға қарағанда мектебіміздің 60 оқушысына кең көлемде көмек көрсетілді. Бұл көңіл қуантады. Жылма-жыл қайырымдылық жасап, жанашырлық танытатын жандар көбейе берсін демекпіз.

Бақтыгүл ТЕМІРБАЕВА, Кенбай орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

Маңызы зор акция

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан «Мектепке жол» акциясы Ғ.Сланов атындағы орта мектепте де ұйымдастырылуда. Аз қамтылған, көп балалы отбасылар және жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатындағы дәстүрлі акцияның маңызы зор. Акция барысында, аудандық білім бөлімі 6 оқушыға, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 2 оқушыға, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 3 оқушыға киім-кешек және оқу құралдарымен көмек көрсетсе, Тайсойған ауылдық округінің әкімі аппараты, Ғ.Сланов атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы, ауылдық клуб, су шаруашылығы, Тайсойған фельдшерлік-акушерлік пункті, ветеренария бөлімі және жеке кәсіпкерлер А.Төкенова мен Қ.Сариев атсалысты. Жалпы алғанда «Мектепке жол» акциясы кезінде әзірге 50 000 теңге көлемінде көмек көрсетіліп отыр.

Райхан БЕРНИЯЗОВА, Ғ.Сланов атындағы орта мектептің психологі.

«Балаларға базарлық»

Аз қамтылған және көп балалы жанұялар балаларының оқу мен тәрбие ісінен шет қалдырмай, оларға материалдық көмек көрсету, әлеуметтік себептерге байланысты мектепке келмей қалудың алдын алу, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп жатқан акция Қаракөл орта мектебінде де жалғасуда. Айталық, Қаракөл мәдениет үйі алдында алдымен «Балаларға базарлық» атты жәрмеңке болып, онда ауыл кәсіпкерлері оқу құралдарын ауыл тұрғындарына қолжетімді бағамен ұсынды. Акцияны ашқан Жамбыл ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықов ауыл тұрғындарын, оқушыларды білім күнімен құттықтады. Осы орайда, «Мектепке жол» акциясына демеушілік танытқан «Міндетті оқу қорынан» бір балаға мектеп формасы табысталса, аудандық білім бөлімінен 8 оқушыға оқу құралдары берілді. Сондай-ақ, округке қарасты мекемелер – Қаракөл мәдениет үйі, «Жауқазын» балалар бақшасы, газ-аймақ мекемесі, су шаруашылығы, Қаракөл дәрігерлік амбулаториясы, ауылдық ветеринария бөлімшесі, жеке кәсіпкерлер О.Дүйсәлиев, А.Хайрошев, А.Құрманғазиева, М.Тәжіғалиева, Р.Табылдиевалар және Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты мен Қаракөл орта мектебінің ұжымы белсене атсалысты. Акцияға 40 бала қамтылып, 251000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Мейрамбек ШҮРЕГЕЕВ, Қаракөл орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

Мектеп формасы алынды

«Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізіліп жатқан акция аясында Қарабау орта мектебі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, аудандақ білім бөлімі 10 оқушыға, Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппараты 4 оқушыға, «Қарлығаш» балалар бақшасы 2 оқушыға, «Еспай» мәдениет үйі 1 оқушыға, жеке кәсіпкерлер Әсия Қабдолова 2 оқу-шыға, Амандық Сағынғалиев пен Жолғали Дәуітов 1 оқушыға, Қарабау орта мектебінің мұғалімі Жасұлан Қонысбаев 1 оқушыға оқу құралдары мен сөмке, киім кешек алып берсе, мал дәрігері Жаңабай Қалиев 1 оқушыға ақшалай көмек көрсетті. Акция аясында іс-шаралар әлі де жалғасуда.

Айкүміс СӘКЕНАЕВА, Қарабау орта мектебінің әлеуметтік психологі.

Қайырымдылық – қадірлі іс

Әлбетте, «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің кө-ресің» демекші әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Көмекке зәру отбасы балаларына көмек беруде мектеп ұстаздары белсенділік танытты. Аудандық білім бөлімінің демеушілігімен «Міндетті оқу қорынан» 1 оқушыға, Б.Аманшин атындағы орта мектеп ұстаздары 6 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдарын табыс етті. Атырау облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымы 1 оқушыға демеушілік жасап қажетті киіммен қамтамасыз етсе, аудандық білім бөлімі 6 оқушыны, аудандық мәслихат депутаты Гүлнар Каримова 2 оқушыға демеушілік көрсетіп, сабақ құралдарын тапсырды.

Надежда КҮЗЕМБАЕВА, Б.Аманшин атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогі.

Прочитано 3670 раз

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru