Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %PM, %26 %565 %2018 %12:%Дек

    Бала дәрігері – Балбибі Избранное

    Автор
    Оцените материал
    (0 голосов)

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, бала дәрігері Балбибі Есжанованы білмейтін адам жоқ. Білікті дәрігер ретінде әлі күнге халық оны қатты іздейді. Өйткені, ол алдына келгенде бетінен қайтармайтын, кез келген уақытта сәбилерге көмек көрсетуге дайын тұратын жан.

    1970 жылдардың басында Алматы медицина институтін бітіріп, Қызылқоға ауданының орталық балалар ауруханасына бала дәрігері болып жұмысқа орналасты. Дәрігерді «Адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жан» деп бекерден бекерге айтпаса керек. Өйткені, Балбибінің бойында басқа біреудің өмірі үшін жанын салатын, кісіні бөліп жармайтын, кез келген уақытта дәрігерлік көмек көрсетуге дайын тұратын қасиеті басым. Ол әрбір баланы ерінбей қарап, түрлі кеңестер беруден шаршаған емес, соның арқасында кейде адамдардың өздері байқамаған сырқаттарын тауып, олардың уақытылы емделуіне көңіл бөледі. Бұл орайда, Балбибі Темірболатқызы:

    – Жалпы медицинаға адам баласына жаны ашитын, ол үшін уақытында, қолынан келгенін де аямайтын жандар келуі тиіс. Мен өзімнің әріптестеріме үнемі осылай деп айтып отырамын. Сосын «Бір емдеген адамыңды қайтып алдыңа келмейтіндей етіп емдеп жіберуден шаршама» деймін. Сөз жоқ, жас ұрпақтың денсаулығына алдымен ата-анасы, екіншіден, денсаулық сақшылары енжар қарамауы керек, – деп есептеймін.

    1971 жылдан 2006 жылдың қыркүйек айына дейін Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы балалар бөлімінің меңгерушісі, перзентхана бөлімінде дәрігер-неанатолог болып қызмет атқарған кейіпкеріміз бүгінде аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері қызметін атқарып келеді. Бұл қызметте Балбибі Темірболатқызы бала түгелі ересектер үшін де өнегелік мәні бар талай шараға ұйытқы болды. Жас ұрпақтың темекіден, арақтан, есірткіден және басқа да жағымсыз нәрселерден бойын аулақ ұстауына, дені сау азамат болып қалыптасуына себебі тиетін акцияларды жиі ұйымдастырды. Аудандағы «Қазақ тілі» қоғамының белсенді мүшесі ретінде мемлекеттік тілдің медицина мекемелерінде салтанат құруына, «Наурыз» мерекесінің өз деңгейінде тойлануына алғашқылардың бірі болып зор үлес қосты. 1994 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрі В.Девятконың қабылдауында болды. Еселі еңбегіне орай, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 10 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, 2007 жылдың қорытындысымен облыс бойынша «Үздік салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері» атағымен марапатталды. 2016 жылы «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» төс белгілерімен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының алғыс хатымен мадақталды. Есімі «Қазақстан әйелдері» журналына, және «Қызылқоға құт мекен» энциклопедиясына енгізілді. Ғұлама Гиппократ «науқастар үшін дәрігердің ең басты емі – жүрегінің мейірімі мен жылы сөзі» деген екен. Осы сөз Балбибі Темірболатқызына арналғандай. Кейіпкеріміздің құдай қосқан қосағы марқұм Амангелді Тілегенов, жоғары білімді, ауыл шаруашылығының маманы болып еңбек етті. Өмірінің соңында мемлекет қызмет саласында еңбек етті. Олардан өрбіген ұлы Жәнібек әке жолын қуған ауыл шаруашылығы маманы, қызы Айгүл анасының жолын қуған дәрігер. Әкенің көрмей кеткен қызығын Балбибі көріп немере, жиендердің қызығына бөленуде. Үлкен немересі Амангелді Әлібек Жанібекұлы Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы мемлекеттік Медициналық Университетінің 2 курс студенті.

    Сайып келгенде, білікті маман, аяулы ана, асыл жар, адал дос Балбибі Темірболатқызының өмір жолы кім-кімге де үлгі-өнеге.

    Ұлдай ӘЙТІШЕВА,

    ауданның Құрметті азаматы.

    Прочитано 69 раз

    Оставить комментарий

    Убедитесь, что вы вводите (*) необходимую информацию, где нужно
    HTML-коды запрещены

    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.