Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %10 %477 %2019 %10:%Янв

    Жылқы – жеті қазынаның бірі

    Өткен жылдың қараша айында жарық көрген Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты жазылған ой-пікірлер, ұсыныстар аудандық «Қызылқоға» газетінде толастар емес.

    Бұл олардың өз еліне, туып-өскен жерінің тарихына деген ерекше ықыластарының белгісі деп түсінемін. Мақалада сан ғасырлық тарихымызға, атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізге, салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымыз бен бай мәдениетімізге баса назар аударылған. Онда Елбасының Ұлы даланың жеті қырының бірі ретінде «Атқа міну мәдениетіне» тоқталуы бекер емес. Себебі, халқымыз жылқы малын жеті қазынаның біріне балап, ерекше құрметтейді. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қаласа, жылқы малының алғаш рет қазақ даласында қолға үйретілгендігін ұмытпаған жөн. Сондай ақ, мақалада қазақ жерінде ерте заманда пайда болған металлургия кәсібіне өткен мемлекет басшысы: «Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қоладан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді» деп атап өтті. Ал, халықаралық қатынасты дамытудың құралы болған Ұлы Жібек жолының бір тармағы ретінде Кіші Жібек жолының Қарабау жерінен өтуі өңірімізде ашылмай жатқан тарихи деректердің молдығын көрсетеді. Сондай-ақ, «Қарабау-3», «Қарабау- 4» обаларында, «Миялы қорғандар тобында» жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде аудан халқы бірқатар тың жаңалықтарды естіп білді.

    Ендеше, Ұлы даланың кереметтері туралы ауызекі әңгімеде айтып қана қоймай нақты іске көшуіміз керек. Яғни, Елбасы мақаласына санасы сергек, болашақты ойлайтын азаматтардың барлығы қолдап, алға қойылған мақсаттарға жету жолында қойылған міндеттерді орындауға үлестерін қосса деймін.

    Мақсат ҚАЗБЕК.

    Жамансор ауылы

    Прочитано 18 раз Последнее изменение %PM, %11 %557 %2019 %12:%Янв
    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.