Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %04 %516 %2019 %11:%Янв

    Медиация жұмысын жандандыру қажет

    Қызылқоға аудандық сотының былтырғы жылдың екінші жартыжылдығына арналған бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс және сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарына сай, медиация жұмысын насихаттауды одан әрі жандандыру мақсатында, аудандағы кәсіби емес медиаторлардың, үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

    Шараны ашқан аудандық сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова медиацияны қолданудың маңыздылығы мен тиімділігін жүзеге асырумен қатар, аудан бойынша кәсіби емес медиаторлардың 2019 жылға тізілімге енгізілуі және сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық істерге медиацияны қолдану жұмысын одан әрі жандандыру мәселелеріне тоқталды.

    Дөңгелек үстел барысында, әрбір ауылдық округтердегі кәсіби емес медиаторлар өздерінің қатысуымен атқарылған жұмыстары жөнінде кеңінен әңгімелеп, дауды өрбітпей медиацияны қолдану арқылы татуластырудың, біздің қоғамға аса қажет екендігіне тоқталды. Ал, шара соңында аудандық сот төрағасы, шараға қатысушыларға сот ұжымы атынан зор алғыс білдіріп, татуласу рәсімдерін насихаттау жұмыстары аудандық сотпен одан әрі жалғасатынын тілге тиек етті.

    Өз тілшіміз.

    Прочитано 19 раз
    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.