Видео

    %AM, %06 %041 %2018 %00:%Дек

    Теолог дәріс оқыды

    Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінде жастар ортасында Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытында көшпелі семинар өтті.

    Шараны ашып жүргізген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Базарбаев семинардың мақсатын таныстырып өткен соң «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Рахматулла Моллақанағатұлы «Дін мәселесінде жастарға дұрыс бағыт беру жолдары» тақырыбында дәріс оқыса, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлжихан Маратова «Рухани жаңғыру және тұлғалық жетілу мәселелері» тақырыбында, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин «Дәстүрлі құндылықтар мен рухани қалыптасу мәселелері» тақырыбында, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Әзиза Сағытжанқызы «Мәңгілік елдің болашағы – білімді жастар» тақырыбында баяндама жасады.

    Шара барысында жастардың діни түсінігін көтеру мақсатында бейнебаян көрсетіліп, оқушылардың сауалдарына жауап берілді.

    Бауыржан САҚТАСИНОВ.

    Прочитано 156 раз Последнее изменение %AM, %06 %247 %2018 %04:%Дек
    © 2018 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.