Видео

    %AM, %06 %041 %2018 %00:%Дек

    Татуласа білудің ұтары көп

    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасының «Сот төрелігінің жеті түйіні» атты басым бағдарламасын жүзеге асыруда және татуласу рәсімдері мен дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық орталық ауруханасында ұйымдастырылған кездесуге ұжым қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

    Кездесуді жүргізген аудандық сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова шараның маңызына тоқталып, дауларды сотқа жеткізбей шешуде медиация тәсілінің тиімділігін, медиацияның артықшылықтарын, соттан тыс медиациялық келісімді жасаудың тәртібі мен талаптарын, бекітілген келісімдердің орындалу жолдарын түсіндірді.

    Сондай-ақ, жиында Миялы ауылдық округінің кәсіби емес медиаторлары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері де өз ой-пікірлерін білдіріп, медиация рәсімінің қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдағы ағайынның дау-жанжалын өрбітпей, оларды келісімге келтіріп бітістірудің аса қажет екенін жеткізді. Шара барысында татуласу рәсімдерінің артықшылықтарын насихаттайтын слайдтар, видероликтер көрсетілді.

    Бауыржан САҚТАСИНОВ.

    Прочитано 67 раз Последнее изменение %AM, %06 %246 %2018 %04:%Дек
    © 2018 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.