Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %08 %041 %2018 %00:%Нояб

    Тағы бір атыраулық тұтқындалды

    Атыраудағы терактіге қатысты деген күдікті Елдос Күншуғаров Түркиядан елге экстрадицияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

    16 қазан күні ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Елдос Күншуғаровты қылмыстық жазаға тарту үшін елге жеткізді. Ведомоствоның мәліметінше, ол 2011 жылы Атырауда болған террорлық қылмысқа қатысқан деген күдікпен ұсталып отыр. 2011 жылдың қазан айында Атырау облыстық әкімшілігінің ғимаратында екі бірдей жарылыс болғаны белгілі. Жарылыс террорлық акт деп танылып, ізінше қылмыстық іс қозғалған болатын. Терактіден соң бас сауғалап, қашып үлгерген Күншуғаровқа халықаралық іздеу жарияланды. Оны ұстау және елге жеткізу Қазақстанның қылмыстық іздеу органдары мен түркиялық әріптестердің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде жүзеге асты.

    Елдос Күншуғаров бүгінгі таңда Атырау қаласына жеткізіліп, тергеу изоляторына тоғытылды. «Ол мұнда сот шешімі шыққанша болады», – дейді құзырлы органдар.

    «Дүрбі» газеті.

    Прочитано 86 раз Последнее изменение %PM, %08 %609 %2018 %13:%Нояб
    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.