«Атырау» газетінің мерейтойы есте қаларлық шараларға толы болды

Өткен аптаның жұмасында облыстың айнасына айналған «Атырау» газетінің шыға бастағанына 95 жыл толуына орай Атырау қаласында көптеген игі шаралар өткізілді.

Шараға Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, журналист, Юнеско сыйлығының лауреаты Жұмаш Кенебай, ҚР Ұлттық-мемлекеттік Кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, Қазақстан Республикасы Журналистер академиясының академигі Нұрлан Нұрғазин, саясаттанушы Айдос Сарым, «Қазақ Әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, танымал журналист, ақпарат саласының үздігі Қуат Әуесбайұлы, «Егемен Қазақстан» РГ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Қамен және ардагер журналистер мен газеттің белсенді авторлары қатысып, алдымен ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденов пен Мемлекет және қоғам қайраткері, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, олардың рухына тағзым етті.

Бұдан кейін 95 жылдық мерейтойға жиналған қонақтар «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде медиа музей мен интернет порталдың ашылу салтанатына қатысып, замануи технологияның дами түскеніне куә болды. Одан әрі шара секциялық бөлімдерге ұласып, «Атырау-Ақпарат» ЖШС әдеби редакторы Әбілхан Төлеуішов жүргізген «Баспасөз – қоғам айнасы» бөлімінде Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары Ертай Ашықбаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы Бибігүл Қайыржанова, ақын, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Гүлзада Ниетқалиевалар баяндама жасаса, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашеваның жетекшілігімен өткен секциялық отырыс «Жаһандану және журналистика: уақытпен үндестік» тақырыбына арналды.

Бұл бағыттағы мәселелерді «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, облыстық «Маңғыстау» газетінің бас редакторы Ғалым Әріп, Қазақстанның Құрметті журналисі Өтепберген Әлімгереев, Ақпарат саласының үздігі Қуат Әуесбайұлы және сала ардагері Ағиба Қатешовалар мәлімдеді.

Ал, түстен кейін ауқымды шара Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің акт залында «Қазіргі қазақ журналистикасы: Жаңа трендтер мен технологиялар» тақырыбындағы республикалық медиа-конференцияға ұласты. Конференция шымылдығын жиын модераторы «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Баязи Әбдешев ашып, жүргізіп отырды. Осыдан кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз алып, баспасөз қызметкерлері мен жиналғандарды мерейлі қуанышпен құттықтады. Алғашқы пленарлық бөлімде «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов 95 жылдық тарихы бар басылымның өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды.

Содан соң Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, төрағаның орынбасары Мереке Құлкенов, еліміздің Қоғамдық даму министрінің кеңесшісі, саясаттанушы Айдос Сарым, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабаевтар аймақ айнасына айналған төл басылымның мән-маңызын саралады. Осылайша, 95 жылдық тарихы бар «Атырау» газетінің мерейтойына арналған шара өз мәресіне жетіп, ізгілікті шараның інжу-маржанына айналды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Суреттер «Атырау» газеті сайтынан алынды

Прочитано 6 раз Последнее изменение Четверг, 08 Ноябрь 2018 13:34

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru