Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %08 %041 %2018 %00:%Нояб

    Жантерекке кітапхана қажет

    Мұқыр ауылдық округіне қарасты Жантерек ауылында төрт жүзден астам халық тұрады.

    Ауылдың әлеуметтік жағдайлары кезең-кезеңімен шешіліп, тұрмысымыз түзеліп келе жатқаны жасырын емес. Теміржол бойында орналасқан ауылда газ, ауызсу желілері тартылса, биылғы жылы бастауыш мектептің іргетасы қалануда. Келесі жылы кірме жол мен ауылішілік жол салынады деп күтілуде.

    Алайда, шағын ауылдың әлі де шешімін таппай тұрған мәселелер де бар. Солардың бірі – ауылда кітапхананың жоқтығы. Ауыл кітапханашысы Гүлзада Қашқынбаева тұрғын үйінің бір бөлмесіне кітапхананы орналастырып, оқырмандармен, тұрғындармен, жастармен түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Мәселен, қарттар күніне орай ауылдағы зейнеткерлерді, тыл еңбеккерлерін кітапханаға шақырып, мерекелік шара өткізді. Сыйласаңыз кәріңді, жарылқаймын бәріңді дегендей кітапханашының жұмысына дән ризамыз. Оның жұмысын жандандыру үшін кітапханаға арнайы ғимарат керек-ақ. Келесі жылы жаңа басталған мектеп құрылысы бітіп жатса, мектептің қазіргі ғимаратын кітапханаға берсе деген ауылдастарымның ұсынысы бар. Бұл ұсынысымызды аудан басшылары қаперге алып, тиісті нәтижесін шығарса дейміз.

    Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын қинайтын тағы бір мәселе ауылда медбике жоқ. Екі жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан медбике Зиран Жағалбаева қазан айынан бастап жұмысын тапсырды. Ауру айтып келмейтіні шындық. Ауылда біраз адамдар қан қысымымен ауырады. Сырқаттана қалған жағдайда не істерімізді білмей қаламыз. Мұқырға жету үшін сырқат жандар күйзеліске түседі. Сондықтан, адам саулығы үшін Жантерек ауылына бір медицина қызметкері керек-ақ, Жантеректіктердің бұл өтінішін аудандық орталық аурухананың директоры Самат Тайшыбай қанағаттандырады цдеген ойдамыз.

    Көшкінбай МАКИШЕВ,

    Жантерек ауылының тұрғыны.

    Прочитано 47 раз Последнее изменение %PM, %08 %597 %2018 %13:%Нояб
    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.