Білімсіздік қылмысқа итермелейді

Бүгінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талабы аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

Әсіресе,халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Аталмыш заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жем-қорлық қылмыстары мен осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Сонымен қатар, кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Елбасы Жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» деген нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «Заң қалай бұрсаң, солай бұрылатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», – деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де Жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті санайды.

Алтынбек БЕЙБІТОВ,

аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы.

Прочитано 25 раз Последнее изменение Четверг, 08 Ноябрь 2018 13:12

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru