Әдебиет

Халел халқымен қайта табысты

Четверг, 05 Апрель 2018 00:00

Біртуар тұлға Халелдің есімін сол сексенінші жылдардың аяғындағы кешегі бір амалсыз колбиндік жылымық орнаған кезеңде баршаға қайтадан алғашқы болып мәшһүр еткен студенттердің «Өркен» атты газеті болды. Газет өзінің 1989 жылғы қыркүйектің 23-індегі санының екі бетінде М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Шәмшеден Кәрімовтың «Профессор Халел Досмұхамедов» деген мақаласын басты. Оған жалғас «Арай» журналы (1990 жылғы наурыз) қалам тербеді. Республикалық «Ана тілі» газеті өзінің 1990 жылғы №15, 16 нөмірлерінде қатарынан «Халел Досмұхамедұлы» (авторы Аманқос Мектепов) деген көлемді мақаланы жариялады.


Менің сүйікті кейіпкерім

Четверг, 05 Апрель 2018 00:00

«Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам... Зытып келе жатқаным – қашып келемін. Артыма қарай беретінім – қорқып келемін...», деп басталатын шығарма бәрінің есінде болар. Бұл барлық балаға таныс 5-сыныпта өткен Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романынан алынған «Жаңа достар» әңгімесі болатын. Ол әңгімені бәріміз қызыға оқыған едік. Әсіресе, әңгіменің қалай аяқталатыны назарды аударды. Осы романның басты кейіпкері Қайрош Кеңес одағының батыры Қайырғали Смағұлов еді.


Хат тасушы бала

Четверг, 05 Апрель 2018 00:00

Бұл оқиға соғыс кезінде болған-ды. Бәрі қарғыс атқыр Сәлім шолақтың кесірі. Олар қарлы таулар қоршаған, аудан орталығынан алыс қыстақтардың бірінде тұратын. Біздің Исақұл биік жота етегіндегі жаңғақ тоғайының күзетшісінің ұлы-тын. Соғысқа дейін жотаның арғы жағындағы орталау мектепке қатынап оқитын он-он бір жасар ғана балақай еді. Соғыс басталысымен ер – азаматтар майданға аттанды. Оның қылқиған арық дімкәс әкесі де өз еркімен сұранғаны, иә, шақыру қағазын алғаны белгісіз, әйтеуір жұрт қатарлы майданға кетті. Ал, Исақұл болса, әкесінің орнына жаңғақ тоғайының қорықшысы болып қала берді.


Он шиллинг (Чарлз Мунгоши)

Четверг, 05 Апрель 2018 00:00

Екі жыл бойғы кезбелік өмір Поль Масаганы құрыштай шынықтырып, төзімділікке үйреткен және оны болашаққа деген сенім-үміттің бәрінен жұрдай еткен. Ол өзі туралы ықылассыз, енжар, құдды бір бөгде адам жайлы ойланғандай ойлады. Бір кезде қолыма жұмыс тиеді-ау деген ой миына кіріп те шықпайтын, сондықтан тек кейін: «Қап, әттең бармағаным-ай, мүмкін жолым болар ма еді?..» деп, өкінбес үшін қабылдауға келе жатыр.


"Музей түні" өлеңі оқылды

Вторник, 13 Март 2018 00:00

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Қызылқоға тарихи-өлкетану музейінде «Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында әйел аналармен дөңгелек үстел болып өтті. Шара Әйгерім Аманқостың мәнерлеп оқуындағы М.Мақатаевтың «Ана» атты өлеңімен ашылды.


Өмірден кім өткенін білесіз бе?

Четверг, 22 Февраль 2018 00:00

 БІРТУАР ТҰЛҒА

Қазақтың біртуар ұлы жазушысы, драматург Атырау өңірін, елін, жерін сыйлаған, жас ұрпақты тәрбиелеу үшін бар өмірін арнаған сүйікті інім Рахымжан Отарбаев бұл фәниден бақилыққа аттанды деген суық хабар жүрегімізді ауыртты. Оның шығармашылығы, табиғи дарыны ана сүтінен, туған жердің топырағынан  дарыған. Ол тек Атырау өңірі мен республикаға ғана танымал емес, оның есімі дүниежүзіне таныс. Рахымжанның бойына біткен жақсы қасиеттерінің бірі өте бауырмал еді...

 


Жазушы өмірімен танысты

Четверг, 22 Февраль 2018 00:00

Аудандық орталық кітапхананың бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайдалану секторының ұйымдастыруымен қарымды қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Махамбет сыйлығының иегері, драматург-жазушы Берік Қорқытовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазыналы қаламгер» атты тақырыптық кеш өтті.


Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru