Кітапханаға кітап сыйлады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы биылғы жылдың басында поэзия, проза, драма бағыттарында шығармашылық конкурс өткізген болатын.

Республикалық деңгейде өткен конкурс жақында қорытындыланып, онда үздік атанған шығармалар үш томдық «Алтын тұғыр» атты кітапқа енгізілді. Сиясы кеппеген су жаңа кітаптар жақында біздің ауданымызға да келіп, оны «Ауыл» ХДП партиясы Қызылқоға аудандық партия ұйымының басшысы Қазбек Айыпқалиев аудандық орталық кітапханаға арнайы барып, кітаптарды табыс етті.

– Бұл партияның арнайы бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жоба. Кітап – ең құнды сыйлық екені белгілі. Сондықтан, осынау құнды дүниені кітапхана оқырмандары да оқысын, ішінен керегін алсын деген ниетпен табыстап отырмыз, – дейді Қазбек Жалғасұлы.

Кітапты қабылдап алған аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету секторының меңгерушісі Гүлжан Айсағалиева партияның игі ісіне алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Дулат МӘТЖАН

Прочитано 400 раз

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru