Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Білім сапасы артып келеді

Биылғы жылдан бастап мектеп бітірушілер ұлттық бірыңғай тест сынағын жылына төрт мәрте тапсырады.

Атап айтсақ, қаңтар, наурыз, тамыз айларында әр сынақтан 2242 теңге көлемінде ақылы негізде өтсе, маусым айында ғана сынақтан тегін өтуіне мүмкіндік бар. Бұдан кейін талапкер жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне оқуға түсе алады. Ал, мемлекеттік грантты жеңіп алғысы келсе, міндетті түрде маусым айында ҰБТ-дан өтіп, соның қорытындысы бойынша конкурсқа қатыса алады. Қаңтар айында Атырау қаласында басталған алғашқы сынақтан аудан бойынша 62 оқушы қатысып, орта балл 57,7 пайызды құраған болатын. Ақылы негізде өткен екінші сынақ 28 наурыз күні Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің базасында ұйымдастырылды. Оған мектеп бітіруші 417 түлектің 201-і қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде, 18 оқушы 100-ден жоғары балл жинаса, ең төменгі балл 34-ті көрсетіп отыр. Шығармашылық бағытта сынақ тапсырғандардың жоғары көрсеткіші 37 балл болса, ең төменгісі 16 балды құрап отыр. Ал, ең жоғары 123 балл Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Әсем Жолдығалиеваның еншісінде. Екінші кезеңнің қорытындысымен орта балл 61,3 пайызды (шығармашылық бағытты қоспағанда – 69,8) құрады.

Нәтижесінде, шығармашылық бағытта сынақ тапсырғандарды қоспағанда орта балл 64,3 пайызды құрап өткен жылмен салыстырғанда (өткен жылы 67,9 пайыз) 3,6 пайызға төмендеп отыр. Мектептерінің мерейін асырған алты түлек 100-ден жоғары балл жинаса, ең төменгі балл 30-ды көрсетіп отыр. Ең жоғары 113 балды иеленген мұқырлық Айбол Базар мен Жаңашаруа орта мектебінің түлегі Нұрпейіс Меңдіғалиұлының мерейі үстем болды. Шығармашылық бағытта сынақ тапсырған 52 түлек бейіндік пәндерін өздерінің түсетін оқу орнынан тапсыратын болды. Ұлттық бірыңғай тестінің үшінші кезеңі 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Оған өтініштерді қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүреді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521