Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жас ұстаздардың жаңа қыры

Кенбай орта мектебінде жас ұстаздар жетекшісі Аманжан Нұрғалиеваның ұйымдастыруымен «Ең үздік жас мұғалім – 2019» сайысы өтті.

Алғашқы бөлімде ұстаздар өздерін жан-жақты таныстырып, жеткен жетістіктерімен бөліссе, келесі бөлімде тәжірибелерін ортаға салып, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, понорамалық сабақтарын қорғады. Сайыстың соңғы бөлімінде жас мамандар ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде, бас жүлдені Самал Тоқтабаева еншілесе, І орынды Ақдидар Серік, ІІ, ІІІ орындарды Назгүл Қожырбаева, Айдана Сүйесінова, Зульфия Сұлтанғалиевалар жеңіп алды. Байқауды мектеп директоры Бекбол Омаров қорытындылап, жеңімпаздарды арнайы дипломдармен марапаттады.

Гүлшат ҚАЛИЕВА,

Кенбай орта мектебінің мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521