060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жас биологтар бақ сынады

Өткен аптада аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен 8, 10-сынып оқушылары арасында аудандық «Жас биолог» байқауы өтті. Байқауға ауданның он екі мектебінен оқушылар қатысып, бақ сынады.

Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық ізденісін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқау үш бөлімнен тұрды. Олар тест сұрақтарына жауап беру, есеп шығару және пән бойынша өздері дайындаған композициялық жұмыстарды қорғау. Оқушылардың білімі мен білігін сынаған аталмыш байқауды әдістемелік орталықтың маманы Гүлфайрус Әнжанова қорытындылады. Байқау нәтижесінде 8-сынып оқушылар арасында бірінші орынды Ш.Еркінов атындағы орта мектептің оқушысы Даниял Айтқали жеңіп алса, 10-сынып оқушылары бойынша №9 орта мектептің намысын қорғаған Ақнұр Тынышбай жеңімпаз атанды. Білім додасына қатысқан оқушылар тиісінше екінші және үшінші орындармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Байқауда бірінші орын алған қос оқушы «Жас биолог» байқауының облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайтын болады.

Дулат МӘТЖАН.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?