Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сәт сапар, саған Жас түлек!

Бүгін болашағынан үлкен үміт күтіп, келешегіне зор сенім артып отырған, еліміздің ертеңгі болашағына ие болатын жастарымыз – мектеп бітірушілердің тағы бір легі үлкен өмірге аттанды.

Биыл аудан мектептерінен барлығы 415 түлек ұядан ұшып, қияға қанат қаққалы отыр. Олардың ішінде 279 оқушы ҰБТ сынағына қатысса, қалғандары мектептен емтихан тапсырмақ. Биылғы түлектердің бір ерекшелігі – «Алтын белгіге» үміткерлердің көптігі. Аудандық білім бөлімінің мәліметінше биыл 17 оқушы «Алтын белгі» алудан үмітті. Оның ішінде Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептен 8, Б.Аманшин атындағы орта мектептен 4, Тасшағыл орта мектебі мен Ы.Шөреков атындағы мектеп гимназиясынан 2, №9 орта мектептен 1 оқушы бар. Ал, аудан мектептерінен 7 бала «Ерекше аттестатқа» үміткер екен. Олардың қатарында Х.Досмұхамедұлы, Сағыз, Қарабау, №9 орта мектептерінің үздік оқушылары бар. Одан бөлек, биылғы түлек арасында талай додаларда топ жарған палуандар, өнерімен өрге жүзген дарынды жастар жетерлік. Ендеше, саны да, сапасы да көңіл көншітетін биылғы түлектерге сәт сапар тілейміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521