Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Нұрбек – «Жыл мұғалімі-2019»

Өткен аптаның бейсенбі-жұма күндері аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Жыл мұғалімі-2019» байқауы өтті.

Оған аудан мектептерінен барлығы 11 мұғалім қатысып, төрт бөлім бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған байқаудың нәтижесінде төрт бөлімде де өзінің кәсібилігі мен біліктілігін көрсеткен Қарабау орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұрбек Әлібекұлы бас жүлдені жеңіп алып, «Жыл мұғалімі-2019» атанды.

Сонымен қатар, қазылар алқасының шешіммен Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының география пəнінің мұғалімі Гүлжанат Сенғалиева бірінші орынды жеңіп алса, Жаңашаруа орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Гүлфина Қойшығалиева мен Б.Аманшин атындағы орта мектептің ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Гүлжан Салықова екінші орынға ие болды. Ал, Тасшағыл орта мектебінің орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Айгүл Жанғалиева, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айдана Дайрабаева, Ш.Еркінов атындағы орта мектептің физика пəнінің мұғалімі Жұлдыз Жұбановалар үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Айта кетейік, бас жүлдені жеңіп алған Нұрбек Әлібекұлы енді облыстық байқауда аудан намысын қорғайтын болады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521