Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім беру сапасын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар беріп, орындалысы бақылауда болатынын жеткізді.

Жолдауда айтылған негізгі мәселе қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап барады. Оған себеп ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Сондықтан, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет деп үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Бұл білікті педагог мамандарды ауылға көптеп тарту үшін жасалған үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар, жас маманның жұмысқа орналасуы үшін жасалған нақты қадам деп білемін.

Сондай-ақ, Жолдауда айтылған тағы бір өзекті мәселе – оқулық сапасының төмендігі. Мемлекет басшысы мәселені оңынан шешуді тиісті министрлікке жүктеді. Қазіргі таңда ата-аналар тарапынан бұл мәселеге алаңдаушылар көп. Осы тұрғыдан алғанда оқулық сапасы жақсара түссе нұр үстіне нұр болар еді. Ал, мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі дегені көңілімізді көтеріп тастады.

Лаура ТІЛЕГЕНОВА,

Қаракөл орта мектебінің жоғары санатты мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521