060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Мұғалімдер тәжірибе алмасты

Жақында аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен №9 орта мектептің базасында ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жаңашыл мұғалімдерінің тәжірибе бөлісулеріне арналған «Білім сапасын көтерудегі критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында семинар өткізілді. Оған аудан мектептерінің қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында, мектеп директорының міндеті атқарушы М.Аяғанова жаңа әдіс-тәсілдерді қолданған тренинг ұйымдастырды. Ондағы мақсат – жаңартылған мазмұнда білім беру. Оның ішінде бағалау мәселесі.

Жаңа білім мазмұнындағы бағалауды ата-ана, оқушы, кей тіпті мұғалімдеріміз де жете түсінбей жүргеніміз жасырын емес. Сол критериалды бағалаудың және жаңартылған білім мазмұнында білім берудің білім жетілдіру курстарынан өтіп тереңірек ұғынған аудан мектептерінің мұғалімдері өз әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, ортаға салуда. Мәселен, Кенбай орта мектебінің мұғалімі Г.Сариева мен Жаңашаруа орта мектебінің мұғалімі Ж.Сеңгербекованың ашық сабағына қатысып, көп нәрсені көңілге түйсек, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің мұғалімі А.Маханованың коучинг-семинары және Ж.Көптілеуованың шеберлік сыныптарының мазмұны жоғары болды. Сондай-ақ, мұғалімдердің белсенділігін күшейту мақсатында №9 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Түркістанова тренингтер ұйымдастырып, сол өткен шаралар төңірегінде кері байланыс жүргізілді. Семинар соңы қорытындылаған аудандық әдістемелік орталық меңгерушісі Қ.Жарылғағанов белсенділік танытқан ұстаздарға алғыс хат табыс етті.

Алмагүл ҚАПЕЗОВА,

Аудандық әдістемелік орталықтың қоғамдық- гуманитарлық пәндер әдіскері.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?