060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Кенбайлық өнерпаздар алдыңғы орында

Қашанда өз өнерлерімен өрге жүзіп келе жатқан Кенбай орта мектебінің оқушылары жақсы жетістіктерімен мектеп, ауыл, аудан абыройын республикалық байқауларда асқақтатып жүргені аян.

Соның бір мысалындай жақында Ақтөбе қаласында «Нұрлы жастар» атты көркемсөз, ән-биден республикалық байқау болып өтті. Осынау дүбірлі байқауға кенбайлық өнерпаз оқушылар да қатысып, тамаша жетістіктерімен қуантып қайтты.

Айталық, көркемсөз жанрында Айзере Бауыржанқызы мен Еркеназ Нариманқызы бас жүлдеге ие болса, Еркеназ Нұрлыбайқызы мен Динара Жұмабайқызы бірінші орынды иеленді. Ал, жеңімпаз оқушылардың мұғалімі Айжамал Кенжеғалиеваға жеке тұлғаның заман талаптарына сай кәсіби бағдарын айқындап, терең білім және саналы тәрбие алуы мен өмірлік мақсаттарға баулудағы ұстаздық ерен еңбегі үшін арнайы мадақтама табыс етілді. Ендеше, «Өнерлеріңмен өрге жүзіңдер, жас өрендер!» дейсің.

Өз тілшіміз.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?