Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Баулысаң, баладан да шешеден шығады

Ойын процесінде мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы мен танымдық қызығушылығын арттыру, ойын арқылы тілдерін дамыту мақсатында – «Балдырған» бөбекжай балабақшасында тәрбиешілерге арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын дамытуда ойын технологиясының тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың практикалық бөлімінде ІІ кіші топ бүлдіршіндеріне арналған «Ертегілер еліне барамыз» тақырыбында ертеңгілік жаттығу, ортаңғы топ бүлдіршіндері арасында сауықтырушынықтыру шарасы, «Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамытудан ІІ кіші топ бүлдіршіндерімен «Кімге не қажет» тақырыбында ашық оқу-қызметі және «Бақбақ» ертегісі ұйымдастырылды. Ал, екінші теориялық бөлімде «Өрімтал» балабақшасының тәрбиешісі Флора Сәрсенғалиева «Ойын арқылы балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасаса, «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Үміт Сүйеуова «Балабақша және отбасы» тақырыбында ата-аналармен қызықты ойындар ұйымдастырып, педагогтар арасында, «Балбөбек» балабақшасының психологі Зульфия Есенғұлова «Ойын арқылы баланың ой өрісін дамыту» тақырыбында тренинг өткізді. Шара барысында тәрбиешілер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Қорытындысында белсенді қатысқан тәрбиешілер аудандық әдістемелік орталықтың Алғыс хатымен марапатталды.

Злиха Беркенова,

аудандық әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521