060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Алтын самұрық» дарындыларды анықтады

Таяуда өткен республикалық «Алтын самұрық» конкурсында да Қоныстану балалар өнер мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Атап айтсақ, қобыз аспабы бойынша Мәдина Кәдірбекқызы (жетекшісі Самал Қуанышқалиева) бас жүлдені жеңіп алса, сырнай аспабы бойынша Бақберген Аманжол, Дамира Асандар (жетекшісі А.Мұратова), домбыра аспабы бойынша Бауыржан Жұмақұлов, Әдемі Серік, Батырхан Жоламановтар (жетекшілері Есет Махмут пен Сәуле Сисенова), қобыз аспабы бойынша Орынгүл Қайыржандар ІІІ орынды (жетекшісі Самал Қуанышқалиева) иеленіп, лауреат атанды. Ал, конкурсқа жүлдегерлер мен лауреаттар дайындағаны үшін ұстаздарды да арнайы «Лауреат дайындағаны үшін» дипломымен марапаттады. Алдағы уақытта да ұстаздар мен шәкірттер толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жетеді деген тілектеміз.

Есет МАХМУТ,

Қоныстану балалар өнер мектебі директорының оқу ісі жөнінде орынбасары.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?