Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

5 мың білім грантына кімдер үміткер бола алады?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары 5 мың білім грантына қалай ие бола алатынын айтты.

Министрдің сөзінше, білім гранттары биыл 1 қыркүйектен бастап бөлінеді. "Негізгі талаптар: талапкер ҰБТ тапсыруы, шекті балдан өтуі, көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балалар болуы тиіс. Осындай балалар 5 мың грантқа үміткер бола алады",- деді Аймағамбетов. Министр биыл бөлінген 53700 білім гранты талапкерлерге берілгеннен кейін ғана ең алдымен осы 5 мың грант үлестірілетінін айтты. "Алдымен осы гранттарды бөлу жүргізіледі.

1 тамыздан кейін грант тізімі белгілі болады. Грантқа ілікпеген осы санатқа жататын талапкерлер 5 мың грантқа өтініш жаза алады. Тест тапсырып, шекті балл жинап, өтініш жазып, содан кейін жинаған балына сәйкес грант бөлінеді",- деді білім және ғылым министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Ол гранттарды бөлуде ешқандай сыбайлас жемқорлық қаупі жоқ деп сендірді. 26 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлуді тапсырған болатын.

Сурет: Ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521