060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Нашаға тәуелділік түбіңе жетеді

Нашақорлық – есірткі заттектерін қолданудан пайда болатын созылмалы ауру.

Бұл дертке шалдыққандарды есірткіге тәуелділер, немесе нашақорлар дейді. Бұндай диагноз өте қауіпті: адам нақты бір препаратқа немесе олардың тобына толықтай физикалық және психологиялық тәуелділікте болады. Әдетте, 1-2 рет байқап көрудің өзі адамды наша таратушылардың құлы етеді, мүгедектікке апарады. Адам ағзасындағы заттардың алмасу процесіне араласып, есірткі, ең алдымен, мидың серотанин шығаратын жасушаларын өлтіреді, бұл адамның белсенділігін төмендетіп, селсоқтыққа әкеледі, иммундық жүйе зардап шегеді. Мұндай кезде адам ағзасы түрлі инфекцияларға қарсы тұра алмайды. Ортақ ине қолдану салдарынан түрлі ауруларды жұқтыру қаупі ұлғаяды. Нашақорлықтың алғашқы белгілері: Есірткіге тәуелді адамның үйреншікті өмір салты, араласатын адамдары, өмірге көзқарасы, қызығушылығы өзгереді. Бұрын алдыңғы кезекте тұрған мәселелері артқа ысырылады. Адам үнемі бір жақта жүреді, үйіне тамақ ішуге, ұйықтауға ғана келеді. Себепсіз көңіл-күйі мың құбылады, жаңа ғана күліп отырған адам аяқ астынан түнереді, бей-жай болады, ұйқы режимі бұзылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталық мамандары жыл бойына жалпы білім беретін мектеп оқушылары және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөнінде дәрістер, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар, акциялар өткізіп алдын алу шараларын ұйымдастыруда.

Балбибі ИСЖАНОВА,

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері

Сурет: Ашық дереккөз

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?