Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Мерейлі мекендегі мереке»

Кеше осындай тақырыпта «Арман» мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

d

d

Оған аудандағы медицина қызметкерлері мен сала ардагерлері, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Онда алдымен сөз алып, ақ халатты дәрігерлер мен ардагерлерді аудан әкімі атынан құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков оларға адам жанының арашасы болу жолында аянбай еңбек ете берулеріне тілектестігін білдіріп, тұрғындардың денсаулығын сақтауда шипалы қолымен, адамгершілік қасиетімен ажалға араша тұрып келе жатқан өлшеусіз еңбегі үшін бірқатар дәрігерлерге аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

d

Сондай-ақ, жиында сала қызметкерлерін құттықтаған аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали мен орталық аурухананың директоры Самат Тайшыбай бір топ медицина қызметкерлерін мәслихат пен аудандық орталық аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапаттады. Салтанатты жиын одан әрі ауданның құрылғанына 75 жыл толу мерейтойына арналған «Өнерімен өркендеген Қызылқоға» атты мекемеаралық концертіне ұласты. Онда аудандық орталық аурухана мен округтердегі дәрігерлік амбулатория қызметкерлері ән салып, би билеп, көріністер қойды.

d

Жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлаған мерекелік концерт хордың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521