Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кәсіби ауру дегеніміз не?

Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел.

Оған кәсіпорындардағы санитариялық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Олай дейтін себебіміз, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады.

Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15-20 мин), техникалық шараларды іске асыру – кәсіби аурулардың санын азайтып, кей жағдайда мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6-12 ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы жиырма төртінші ақпандағы №128 бұйрығымен бекітілген «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидасына» сәйкес денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеуметтік қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі.

Ауыл шаруашылығы саласында, өндіріс орындарында, емдеу мекемелерінде рентген аппараттарымен жұмыс жасайтын жұмысшылар арасында жоғарыда аталған аурулар тіркелген жағдайда, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органға шұғыл хабарлама беріледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №224 бұйрығымен бекітілген «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларына сәйкес кәсіби ауруға күдікті тіркелген жұмыс орнына санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру қорытындысы бойынша кәсіби ауруға күдікті тіркелген науқастың жұмыс орнында кәсіби ауру тудыратындай шу, діріл, шаң-тозаң, радиоактивті заттар рұқсат етілген шекті нормасынан жоғары болса, сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарда инфекциялық аурулар мал арасында тіркелген болса және қоздырғышы табылса, бұл кәсіби ауру болып табылады, яғни, мамандығына байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болған кесел деп қорытынды жасалады. Соңғы үш жылда аудан көлемінде жұмыс жасап жатырған өндіріс орындарынан, кәсіпорындардан кәсіби ауру тіркелген жоқ.

Алтынгүл АЙМҰРАТОВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521