Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жол мәселесі басты назарда

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын халыққа кеңірек түсіндіру мақсатында арнайы келген Атырау облыстық ақпараттық насихаттық топ мүшелері Сағыз ауылдық округіндегі «Шұғыла» мәдениет үйінде жиын өткізді. Топ құрамында облыстық мәслихат депутаты Сайын Қуанышев, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанова, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев, облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Роллан Құспан және аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов болды.

Алдымен, аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов топ құрамын таныстырғаннан кейін Атырау облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспан, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев және облыстық мәслихаттың депутаты Сайын Қуанышев сөз сөйлеп, Жолдаудың негізгі басым бағыттарын түсіндірді.

Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаевтың айтуынша, облыста жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – «Индер-Қара-бау-Миялы-Сағыз» тас жолдары-ның жұмыстары келер жылы то-лықтай аяқталмақ. Сол тәрізді, Қарабау мен Индердің аралық жолын жасау жөнінде жобалау сме-талық құжаттары жасалу үстінде. Ал, Миялы мен Қарабау аралығын-дағы 6 елдімекеннің ішкі кірме жол-дары 2-3 жылда, Сағыз ауылдық ок-ругінің 7 шақырымдық ішкі жол-дары, оның ішінде 2-6 шақырым жаяу жүргіншілер жолы да қарастырылған. Және де теміржолдың арғы бетінде орналасқан 3 ауылға да жол жүргізудің жобалау сметалық құжаттары жасақталып жатыр. Олар да өз кезегінде жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, Мұқыр ауылдық округінің, Жамансор, Кенбай, Жантерек елдімекен-дерінің ішкі жолдарын жөндеуге жобалау сметалық құжаттары жасақталуда. Және Мұқыр ауылдық округінен Құлсары қаласына тікелей шығатын 135 шақырымдық жолды жөндеу мақсатында облыстық маңызы бар жолдардың тізімінен алып, республикалық тізімге салынып отыр. Жиналыс барысында, сөз алған сағыздық зейнеткер Дәлубай Ахметов Миялы мен Қарабаудың ортасына салынып жатқан жолдардың үстімен бітер-бітпестен 15-20 тонналық камаз көліктері тіркемесімен күні-түні өтіп жатқанын, әрі оны ешкім бай-қамайтынын, жолдың сапасына тұрғындардың көңілі толмайтынына тоқталды. Бұл сауалға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев былайша жауап берді:

– Сұрағыңыз өте орынды. Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін жолдардың үстімен 20-25 тонналық көліктер жүрген болатын. Қазір оларды 15 тонналыққа ауыстырдық. Алдағы уақытта мұндай келең-сіздіктерге жол берілмейтін бола-ды. Және бұл салмағы ауыр көліктер қыс мезгілінде жүргенімен, жаз айларында 25 градустан жоғары болған кезде жолдармен жүруге тыйым салынады. Ол кезде вагонмен тасымалдайтын болады. Ал, бұзылған жолдарды мердігер мекеме өзінің қаражаты есебінен қайтадан жасайды. Сондай-ақ, зейнеткер Байғали Досымбаев:

– Сіздер жастардың жоғары лауазымға қарай көтерілуіне қамқорлық танытып, ықпал ете аласыздар ма? Мәселен, біздің ауылдың әкімі ауысқалы жатыр. Қазіргі әкімнің міндетін атқарып отырған жас жігіт. Өзге жердің адамынан гөрі, өз ауылымыздың баласы сол орынға сайланғаны жақсы болар еді? Біздің ауылда жаңадан емхана салынғалы жатыр. Көлемі жағынан тым кішкентай. Әрі жедел жәрдем көліктерінің тұратын орны қарастырылмаған. Осы мәселенің шешімін айта аласыздар ма? – деді.

Оған аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов:

– Әкімдерді сайлайтын Елбасы-ның өзінің жарлығы бар. Жарлық-қа сәйкес, аудандық мәслихаттың депутаттары, яғни жергілікті жердің тұрғындары өздерінің таңдап сайлаған өкілдері дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Жуық арада осы бос тұрған орынға кандидат сайланып, жаңа әкім тағайындалатын болады. Ал, екінші сұрағыңызға орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларына хабарласып, нақты жауабын береміз. Және алдағы уақытта халықтың санына қарай ескеріліп, аурухана салу жұмыстары қолға алынбақ. Сол кезде ұсынысыңызды қаперге аламыз, – деп жауап берді.

Жиын аяқталған соң, қоғамдық қабылдау өтіп, тұрғындар қойған сауалдарына орай өз жауаптарын алды. Содан соң ақпараттық наси-хаттық топ мүшелері Мұқыр ауыл-дық округінің тұрғындарымен кездесті.

Лаура НАРИМАНОВА

Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521