060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жиырма төрт рұқсат беру құжаты берілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі екені белгілі.

Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап мемлекетпен тығыз байланыста болады. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. Мемлекеттік орган қызметкерлері қызмет көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз етіп, әкімшілік кедергілерді азайтумен қатар халыққа сапалы қызмет көрсетуі қажет.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші. Осыған байланысты көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі №217 бекітілген. Осы стандарттарға сәйкес қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері жатады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттелген. Тегін көрсетіледі.

Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының кеңсесінде арнайы ақпараттық стенд жабдықталған. Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, уақыты және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және олардың лауазымды тұлғаларының ше-шімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы мәліметтер орналастырылған. Мемлекеттік қызметті көрсету «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Басқарма биылғы жылдың он айында «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай 10 рұқсат беру құжаты, «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» бойынша «е-лицензиялау» арқылы 14 рұқсат беру құжаты берілді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық және қағаз түрінде ұсынылды.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште рәсімделіп, басылып шығарылған соң мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Ақтолқын БИЖАНОВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?