060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жетпіс жасымен құттықтады

Өткен аптаның бейсенбісі күні Ойыл ауылдық округі әкімдігінде ардагерлер ұйымының төрағасы Мереке Айжарықовтың мерейлі 70 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті.

Аталмыш шараға аудан әкімі Арман Баженов, аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин арнайы барып, құттықтап қайтты. Онда алдымен сөз алған аудан әкімі Арман Баженов:

– Ардагерлер алдымыздағы ақылшымыз. Ел мен жердің қамы үшін қызмет қылып, жастарды түзу жолға салатын үлкендерімізді біз бағалауымыз керек. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген халқымыз қашанда үлкенді сыйлаған, қадірлеген. Бұл орайда, бүгінгі күні мерейлі 70 жасқа толып отырған Мереке Әбуұлының да еңбегі зор, – деген ол, мерейтой иесіне құттықтау хат табыстап, иығына шапан жапты.

Содан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин Мереке Айжарықовты аудан ардагерлері атынан мерейтойымен құттықтап, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуановтың құттықтау хатын табыстады. Ал, ауыл үлкендері атынан Құлым Иманбай сөз сөйлеп, мерейтой иесіне игі тілегін арнаса, шараны қорытындылаған Мереке Айжарықов барлық марапат пен құттықтауға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Дулат БЕРІКҰЛЫ.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?