060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Жасырын тұтынушы» әдісі бірқатар кемшіліктерді анықтады

Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде жасанды әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері қоғаммен байланысу арқылы тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде.

Осыған орай, Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті қоғамдық бірлестік ұйымдармен бірлесе отырып, Атырау қаласы әкімі аппаратына қарасты Қайыршақты және Ақсай ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметіне «Жасырын тұтынушы» әдісімен кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, аталмыш округтерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолайлы жағдайлар жасақталмағаны, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің арыз үлгілері мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында көзделген қосымшаларға сәйкес жасалмағаны, ақпарат бұрыштарында уақытша берілген жер учаскесін жеке меншікке құқық беру туралы өтініш тапсыру үшін қажетті құжаттар тізбесінде бірқатар артық құжаттар тізбесі көрсетілгені анықталып, аталмыш кемшіліктерді жою мақсатында Атырау қаласы әкімі аппаратына тиісті ұсыныс жолданды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, қызмет алушы көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға құқылы екендігін атап өту қажет. Алға қарай да қоғамдық бақылау жұмысы қоғам белсенділерімен бірге басқа да ауылдық округтерде жалғасатын болады.

Өз тілшіміз.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?