Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жарыпшыққанға су керек

Ғ.Сланов атындағы орта мектептің акт залында өткен есеп беру жиынын ашқан округ әкімі Әділет Шаймарданов бір жыл ішінде жасаған жұмысын көпшіліктің назарына ұсынды.

Былтыр округ бойынша бюджеттік салық жүз пайызға орындалды. Ең өзекті болып келе жатқан 50 орындық балабақша салу үшін құжаттары жасақталып, жер телімдері белгіленді. 9 адам маусымдық жұмысқа, 13 адам тұрақты жұмысқа орналасса, ауыл іргесінен сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан «БиДжиПи» компаниясына 15 адам жұмысқа алынды. Өткен жылғы есеп беру жиынында берілген 11 міндеттің бесеуі орындалып, үшеуі орындалу үстінде.

Баяндама аяқталған соң зейнеткер Табылды Аманғалиев округ әкімінің жұмысын мақұлдайтынын жеткізсе, кәсіпкер Сұлтан Нәсіпқалиев:

– «Менің айтқым келгені су мәселесі. Бұрын Жарыпшыққан арқылы біраз жерге су баратын еді. Осы Жарыпшықанның бойының өзінде біраз қожалықтар отыр. Ал, соңғы жылдары судың келуі мәселеге айналып кетті. Тайсойғанның жер асты суынан біраз ауылдық округ су ішіп отыр. Енді осының қарымтасы есебінде бізге көктемде су жібермей ме?» деген мәселе көтерді. Бұған жауап берген «Қазсушар» РМК-ның Атырау облысы филиалы Қызылқоға өндірістік учаске басшысы Сайлаубек Темірғалиев «Ойыл өзені көктем мезгілінде тек бір-ақ рет тасиды. Сол кезде біз барлық ауылдық округке теңдей бөліп жіберуге тырысамыз. Бұл арнайы бекітілген жоба бойынша жіберіледі», – деді. Бұдан соң пікір білдірген ауыл тұрғыны Амангелді Түлкібаев балаларға арналған ойын алаңын салу мәселесін көтерсе, Бағытжан Берікқалиев мектеп пен ауыл арасына балалар жүретін жаяу жүргіншілер жолы салынса деген ұсыныс айтты. Жиын соңында сөз алған аудан әкімі Арман Баженов:

–  Ауылдық округтерде өтіп жатқан есеп беру жиындарында бәрінің де қозғайтыны осы өр суы. Бәрінің де айтуы орынды. Бірақ, өр суының да мөлшері шектеулі. Сондықтан, көктем шыға өр суы тасымастан бұрын әр ауылдың белсенділерінен жұмысшы топ құрып, суды барлық округке теңдей бөліп шығаруды өзара ақылдасып шешкен дұрыс. Қашанда округ әкімі де, дәрігер де халықпен тығыз жұмыс жасау керек. Шағын ғана ауылсыздар. Бір-бірлеріңізге қолдау білдірсеңіздер ғана жұмыстарыңыз өрге басады, – деп есеп беру жиынын аяқтады.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521