060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жамбылда жаңа монша

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Жамбыл ауылдық округінде жаңа монша пайдалануға берілді.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфеева және ауыл тұрғындары қатысты. Онда алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов:

– Ел экономикасының дамуына ықпал ететін бірден-бір сала – ол кәсіпкерлік. Бүгінгі ашылғалы отырған жаңа нысан да аудан ахуалының жақсаруына ықпал ететіні даусыз. Сондықтан, еліміздің дамуына өз үлесін қосқалы отырған кәсіпкердің еңбегіне табыс тілеймін, – деді.

 

Сондай-ақ, шарада округ әкімі Сәндібек Салықов, ауыл тұрғыны Сәлік Ержанов ізгі тілектерін білдіріп, нысан лентасын аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов пен нысан иесі жеке кәсіпкер Ержан Абдолов қиды.

Бұрынғы моншаны аукцион арқылы сатып алған кәсіпкер өз қаражатын салып, қайта жаңғыртты. Заманауи үлгіде жасақтады. Ерлер мен әйелдерге арналған бөлек залдармен қамтылған монша 14 адамға арналған. Келушілер үшін шешінетін, жуынатын және бу бөлмелері қарастырылған. Моншаның іші кең, таза әрі ыңғайлы. Барлығы санитарлық стандарттарға сәйкес келеді. Бағасы да қолжетімді. Үлкендер 300 теңге, ал оқушылар 200 теңге төлеп, моншаға түсе алады. Кәсіпкер Ержан Абдоловтың айтуынша, кәсіпкерлікті кеңейту мақсатында монша ішінен шаштараз ашуға және ғимараттың бір жағынан тегершік жөндеу цехын іске қосу бағытында жұмыстар жүруде.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ.

Суреттерді түсірген автор.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?