060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Жалында жастар, жалында»

«Арман» мәдениет үйінде ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Жалында жастар, жалында» атты концерт өтті.

Жастар жылына орай ұйымдастырылған концертте негізінен студент жастар өнер көрсетті. Атап айтқанда, концерт шымылдығын қазақ биімен ашқан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Лизия Оқас «Томирис» биі мен испан халқының биін тарту етсе, «Арман» мәдениет үйінің «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымы «Хорезм» және заманауи биін биледі. Ал, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті Дәурен Ахмет «Іздеме», «Қызбала гүл», Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының студенті Әселхан Белгиева «Зажигай сердце», «Бұлбұл», С.Бәйішев атындағы Ақтөбе колледжінің студенті Мұратбек Түгелбай «Жүрек алдайды», Мұратбек Сейтжан, Дінмұхаммед Жалғас «Сенің күлкіңнен аумайды», «Сүймедің», «Сен қорқақсың» әндерін орындаса, Іңкәр Ізбасқан Қ.Сабырбаевтың «Жастық» өлеңін, Сапармұрат Нұрбай Еспайдың «Бөгелек» күйін тыңдармандарға ұсынды.

Кешті Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Ақниет Сарбасбай мен Ақтөбе политехникалық колледжінің студенті Азамат Сабытаев жүргізіп, көрермендер арасында викториналық ойындар ұйымдастырды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?