060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жаңа жатақхана мұнайшылар игілігіне

Өткен аптаның сейсенбісі күні мұнайшылар күніне орай «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының «Кенбай» кен орнында жаңа жатақхананың ашылу салтанаты болып өтті.

Шараны «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев құттықтау сөзбен ашып, бір топ мұнайшыны марапаттады. Содан кейін мұнайшыларды құттықтаған Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженов Сәлімжан Жұмашұлына құттықтау хат пен жаңа жатақханаға естелік сыйлық табыс етіп, бірнеше мұнайшыны аудан әкімінің алғыс хатымен ұлығылады. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали да барша мұнайшыларды аудандық мәслихат депутаттары атынан құттықтап, еңбек озаттарына алғыс хат табыс етті.

Марапаттау рәсімінен соң жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтіп, лентаны «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев пен аудан әкімі Арман Баженов қиды. Содан соң шараға қатысушылар жатақхана ішін аралап, жаңа нысанмен танысты. Жаңа заманға сай салынған екі қатарлы жатақхана 100 адамға арналған. Ішінде барлық жағдай жасалған. Сөйтіп, «қара алтынның» қадірін арттырып, халықтың әлеуметтік жағдайының дұрысталуына зор септігін тигізіп жүрген мұнайшылар қауымы төл мерекелерінде жаңа қонысқа көшіп, көңілдері бір серпіліп қалды. Шара одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?