Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жәрмеңкеден жұмыс іздейді

Өткен жұмада ауданы бойынша, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» мемлекеттік бағдарламасы аясында, халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу бағытында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге шет ел компанияларынан («Консолидейтид Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л.-Офшор», «Денхолм-Жолдас» ЖШС-і, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-і, «Сенімді Құрылыс» ЖШС-і) 4 жұмыс беруші мекемеден бос жұмыс орындары, аудан мекемелерінен 5 жұмыс беруші мекемелер қатынасып, 128 бос жұмыс орындарына сұраныс берді. Жәрмеңкеге барлығы 51 жұмыссыз азаматтар қатысты. Жәрмеңкені Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Бекешов бастап ашып, мемлекеттік бағдарлама мақсаттарын кеңінен түсіндіріп, жұмыс іздеушілерге сәттілік тіледі. Жәрмеңке қорытындысымен, 46 жұмыссыз азаматтың түйіндемелері мамандықтарына сәйкес, ауысымдық әдістегі мекемелер сұраныстары бойынша жолданды, аудан мекемелерінің сұранысы бойынша 5 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыстар жалғаса бермек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521