060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жұмыссыз жастарды қайтсек азайтамыз?

Өткен аптаның сейсенбісі күні Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратында жұмыссыз жастар мен аз қамтылған жас отбасыларға арналған «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» мен «Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасын кеңінен түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Сағыз ауылдық округінің жастар жетекшісі ұйымдастырған дөңгелек үстелде аудандық жұмыспен қамту орталығының консультанты Ақтоты Тасжанова мен орталық маманы Зарина Абитова аталмыш бағдарламалар бағытында толық түсінік берді.

Шараға қатысушылар тарапынан бағдарлама шеңберінде кәсіби оқу, қайта даярлау мен әлеуметтік жұмыс, қоғамдық жұмыс, несие алу және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқу жөнінде сұрақтар қойылып, оларға қатысушы мамандар жауап берді.

Өз тілшіміз.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?