Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Зейнеткерлер еңбегі қашан да үлгі

Халықаралық дәрежеде тойланатын қарттар күні мерекесі аудан көлемінде кеңінен атап өтілді.

Бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп отырған зейнеткерлерін мерекемен құттықтауда аудандық ветеринариялық зертхана ұжымы да қалыс қалмады. Жылдағы дәстүр бойынша зертхана меңгерушісі Майра Тұрысбекова қызметкерлерімен бірге ұзақ жыл еңбек етіп, бүгінгі күні денсаулықтарына байланысты үйлерінде отырған зейнеткерлер Зәру Сәмекова, Әсем Ерғалиева, Ұлдаш Омарованың үйлеріне барып сый-сияпаттарын ұсынды. Олармен әңгіме-дүкен құрып, мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігімен қысқаша таныстырды. Сондай-ақ, мекеме басшысы ауданымыздың гүлдену жолында қажырлы еңбегі мен тәжірибесін аямай еңбек еткен адамдарға қамқорлық көрсету кейінгі ұрпақтың міндеті екенін атап өтіп, аға буын өкілдерінің атқарған қызметтері жас ұрпаққа қашан да үлгі-өнеге болатынын тілге тиек етті.

Ал, қариялар да еңбектерін елеп, құттықтап келіп отырған ұжымдастарына ризашылықтарын білдіріп, еңбек еткен жылдардағы кездескен қиындықтар мен қызықты сәттерді еске алысты. Сонымен бірге, зертхана ұжымы басқа да зейнеткерлерді дастарқан жайып, құрметтеп қонақ қылды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521