Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үздік жастар ұлығыланды (ФОТО)

Бүгінгі күні ауданымызда ел экономикасының артуына, ауыл-аймақтың көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген жастарымыз аз емес.

Жыл қорытындысымен оларды ұлығылау да дәстүрге айналып келеді. Осы орайда, 26 желтоқсанда «Арман» мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас тұлпар-2018» жастар премиясы өтті. Онда түрлі салада еселі еңбек етіп жүрген жастар анықталып, құрметке бөленді. Мұндағы мақсат – қиындығы мен қызығы мол саланың мамандарын жастарға таныстыру, олардың еңбегін бағалау.

Салтанатты шарада құттықтау лебізін білдірген аудан әкімі Арман Баженов: – Елімізде қашан да жастардың мәселесіне ерекше назар аударылып, көңіл бөлініп келеді. Жастарды қолдау, жастар саясатын жандандыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып, игі шаралар қолға алынуда. Соның бір айғағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы. Сондықтан, келесі жылы жастар үшін айырықша мәнді болуы тиіс. Жыл сайын аудан көлемінде түрлі салада қажырлы қызметімен танылып, белсенділігімен көрініп жүрген жастарға қолдау білдіріп, олардың еселі еңбегін бағалау мақсатында жастар премиясы ұйымдастырылып келеді. Бұл жастарға жігер сыйлаумен бірге еңбекке деген қабілеттілігін арттыра түсетіні анық. Мерекелеріңіз құтты болсын!, – деді.

Бұдан кейін жастар арасында үздіктерді марапаттау рәсімі өтіп, онда қазақ күресінен Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрболат Ізімғалиев «Жас тұлпар-2018» номинациясын иеленді. Сондай-ақ, жылдың үздіктерімен бірге Әзиза Сағытжанқызы, Ару Рүстемова, Ақниет Дәрібаев, Ботакөз Қасымова, Ақмарал Байғалиева, Нұрберген Кеңес, Жарқынгүл Сәрсенова, Айсәуле Ардақ, Айдын Байдәулетов Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқарма басшысының, Сәкен Махамбетов, Аяулым Мырзабек, Салтанат Ерсайын, Альбина Закария, облыстық «Жас отан» жастар қанатының алғыс хатымен марапатталса, бір топ жас маман аудандық жастар ресурстық орталығының алғыс хатына ие болды.

Мерекелік шарада жыл үздіктері атанған Берік Амантаев, Азамат Қабылов тамылжыта ән салып, Жәнібек Жәмиев күмбірлете күй төксе, Сәнімгүл Басанбаева мың бұрала би билеп көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ:

Нұрболат САЛЫҚОВ – «Жас мұнайшы - 2018»

Мариям МЫСАҒАЛИЕВА – «Жас кәсіпкер - 2018»

Жансерік ТІЛЕУЛИЕВ – «Жас су операторы - 2018»

Абылайхан ЕГІНБАЕВ – «Жас өрт сөндіруші - 2018»

Серікболсын БЕРІКОВ – «Жас ұстаз - 2018»

Бибігүл ҚУАНЫШБЕКОВА – «Жас медбике - 2018»

Альвина ОРЖАНОВА – «Жас тәрбиеші - 2018»

Қарабау құрама штаттары – «Жыл командасы - 2018»

Жанбибі ИМАНАЛИЕВА – «Жас әлеуметтік қызметкер - 2018»

Айбол САҒАТОВ – «Жас оператор-2018»

Қазбек АЙЫПҚАЛИЕВ – «Жас мемлекеттік қызметкер - 2018»

Асылбек ӘБДІЛДИЕВ – «Жас электро монтер - 2018»

Думан НЫҒМЕТОВ – «Жас қаржыгер - 2018»

Мұратбек ҚАЛЕН – «Жас байланыс элекромонтері - 2018»

Ербол БИЩАНОВ – «Жас халыққа қызмет көрсетуші - 2018»

Абылай ТЕМІРОВ – «Жас құқық қорғау қызметкері - 2018»

Ақорал ТЕГІСБАЙ – «Жас мәдени қызметкер - 2018»

Азамат ҚАБЫЛОВ – «Жас әнші - 2018»

Әсел ТАУШАНОВА – «Жас ақын - 2018»

Берік АМАНТАЕВ – «Үздік дәстүрлі әнші - 2018»

Жәнібек ЖӘМИЕВ – «Үздік күйші - 2018»

Сәнімгүл БАСАНБАЕВА – «Жас биші - 2018»

Төребек АМАНГЕЛДИЕВ – «Жас спортшы - 2018»

Думан МҮТІШ – «Жас жаттықтырушы - 2018»

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА – «Жас тілші - 2018»

Бекбол ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ – «Жас блогер - 2018»

Ботакөз ҚАСЫМОВА – «Үздік жастар жетекшісі - 2018»

Біржан МОЛДАШЕВ – «Белсенді жас - 2018»

Адайбек ОТАРАЛИЕВ – «Жыл жаңалығы - 2018»

Нұрбол БИЖАНОВ – «Самғау жастар сыйлығы - 2018»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521