Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӨЗБЕКТІҢ ҚОЛЫНАН КЕЛГЕН ІСТІ ҚАЗАҚ ЖАСАЙ АЛМАЙ МА?

Қалтаңызда 5 миллион теңге қаржы болмаса, үй сәндеуді жоспарламай-ақ қойғаныңыз дұрыс.

Құрылыс материалы былай тұрсын, құрлысшыларды жалдау үшін 2 миллион ақшаның өзі аздық етеді. Арзан бағаға өзбек азаматтарын жалдап, үй тұрғыза салатын қазақтардың жағдайы қиындап кетті. Оның басты себебі қазіргі шебер, әрі еңбекқор келетін өзбек құрылысшыларының қолы қымбаттады. Мәселен, сіз аталмыш құрылысшыларға тас қалатсаңыз, олар әр кірпіш үшін 80 теңге алады. Демек, сіз жобамен бір үй тұрғызу үшін 1500 тас қалатсаңыз, өзбек азаматтарына 120 000 теңге бересіз. Бұл тек баспана іргетасын қалату үшін кететін шығын. Ал, осы құрылысшылардың қалаған тасын біздің құрылысшыларда қалай алмай ма? Әрине, қалай алады, бірақ сауықшыл халқымыздың той-томалағы бар, тойдан кейін демалуы керек. Әйтеуір, берілген жұмысты сағызша созып кетеді деп уәж айтатындарда көптеп кездеседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521