060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Қызылқоға» – «Үздік қоғамдық пікір тудырушы газет»

Аудан «халқының көзі, құлағы һәм тілі» болып келе жатқан аудандық «Қызылқоға» газеті де өткен жылды зор табыспен аяқтады.

Соның бір айғағы – «Баспасөз-2019» науқаны. Қараша айында басталған газетке жазылу науқаны желтоқсан айының аяғында мәреге жетті. Науқан барысында аудандық «Қызылқоға» газетіне 2019 жылдың бірінші жылдығына жазылу үшін 3500 дана жоспар берілген болатын. Қазіргі таңда аудандық басылым бұл жоспарды 3669 данаға жеткізіп, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 17 газетке артық орындады. Осы орайда айта кетейік интернеттің дамып, ақпараттың өте жылдам тарайтын заманында бұл жаман көрсеткіш емес. Ең бастысы жылдағы дәстүрмен жоспар орындалды, оқырмандар саны артты.

Аудандық газеттің жылды табысты аяқтауына ауылдық округтердің де қосқан үлесі зор. Мәселен, Жангелдин, Ойыл, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтері берілген жоспарды артығымен орындаса, Тайсойған ауылдық округі жоспарға жетіп жығылып, Сағыз, Мұқыр, Көздіғара ауылдық округтері әртүрлі себептермен жете алмай қалды. Алдағы уақытта жоспарға жете алмаған округтер олқылықтың орнын толтыруға жұмыстанады деген үміттеміз. Ал, жоспарды артығымен орындаған округтер мен бірге «Қасиетті Қызылқоға ауданының жаңалығын біліп отырайық» деген игі тілекпен жазылған Атырау қаласы және аудандардағы оқырмандарға зор ілтипат пен алғыс білдіреміз. Бір қуантарлығы газет оқырманының көбеюіне өз үлесін қосқан атымтай жомараттар да жетерлік. Мәселен, ауданның Құрметті азаматы, ақын Бижан Қалмағамбетов өзі хабарласып, «Ақтөбе қаласында тұратын қызылқоғалықтар да аудандық басылымды оқысын, ауданның тыныс-тіршілігін біліп отырсын» деп, ақтөбелік жерлестер үшін он дана «Қызылқоға» газетіне жазылды. Одан бөлек, белгілі меценат Сағызбай Тастеміров пен жеке кәсіпкер Абзал Қайыржанұлы Сағыз ауылындағы тұрмысы төмен 45 отбасыны газетке жаздырса, тасшағылдық «Береке» шаруа қожалағының төрағасы Боранқұл Қожағалиев 18 дана «Қызылқоға» газетіне демеуші болып, Тасшағыл ауылдық округінің жоспардан шығуына өз үлесін қосты. Сол сияқты, жангелдиндік кәсіпкерлер Кенжеғали Қанаев, Әнуар Аманғалиев, Нәдір Қарабаллин, Айбек Бақтығалиев, Төремұрат Кішкенебаевтар да өз ауылдастарын газетке жаздыру арқылы қуантқан. Әрине, газетке жазылу осындай ауызбірліктің арқасында жүзеге асатын науқан екені белгілі. Бұл орайда, аудандық басылымның таралым санын көбейтуге қосқан үлестері үшін аттары аталған жомарт жандардан бөлек, аудан басшыларына, «ҚайнарМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасына, әлгінде айтқан ауылдық округ әкімдері мен аудандық «Қазпошта» байланыс торабының мамандарына, барша оқырмандарға газет ұжымы атынан жаңа жыл табыс әкелсін деп тілейміз.

Осылайша, оқырман саны артып, газет таралымы көбейген жыл соңында газетіміз тағы бір марапатқа ие болып, қуаныш еселене түсті. «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің жыл қорытындысы бойынша «Қызылқоға» газеті «Үздік қоғамдық пікір тудырушы газет-2018» аталымы бойынша марапатталды. Бұл сөз жоқ, газет пен оқырманның тығыз жұмыс жасауының арқасында қол жеткізген марапат екені белгілі.

Біздің демеушілер

«Мәтен Петролеум» АҚ Құрманбек Жаңабаев

Серік Құлшықов

Ғарифолла Жұмиев

Анаргүл Нұрымғалиева

Руслан Ақжігітов

Нұрарыс Маханов

Дәлубай Ахметов

Айбар Ерекешов

Маридат Құрманғазиев

Дулат БЕРІКҰЛЫ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?