060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ ҚУАНТТЫ

Жақында «Zhasproject» жобасының жеңімпаз жастары ауданымызда тұңғыш рет қыз-келіншектерге арналған «Салауатты өмір» атты фитнес-орталығын ашты.

img_7636

Аталмыш жоба аудандағы қыз-келіншектерге алдағы алты айлықта тегін қызмет көрсетеді. Шара барысында жаттығу клубының жетекшісі, әрі топ басшысы Арайлым Есенқұлова: – Біз осы фитнес-клуб арқылы аудандағы көп балалы аналардың денсаулығын, дене сымбатын сақтауға, сондай-ақ, зейнет жастағы әйел азаматшаларға спорттық жаттығулар жасату арқылы буын ауруларының алдын алуға жәрдемдескіміз келеді. Алдағы алты айлықта орталыққа ауданымыздағы 50-60 шақты азаматшаларды қамту жоспарымызда бар,- деп жиылған қыз-келіншектерге фитнес-клубының түпкі мақсаты мен оның адам денсаулығына пайдасы туралы айтып өтті. Ал, жалпы жоба авторларының негізгі мақсаты аталмыш клуб арқылы әйел затына көтереңкі көңіл күй сыйлау болып табылады. Салауатты өмір салтын ұстанған елімізде мұндай жобалар халықтың игілігіне айналуы саулығымызды нығайтып, келешекке сергек көзқарас қалыптастыруымен қуантады.

Нұрәділ ЕЛАМАН.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?